Әкешім, Анашым! Бұл өмірге әкелген асыл анам, Махаббатым балалық басылмаған. Ағарса да самайда шашың анам, Жүрсең бақыт мен үшін басың аман. Маңдай термен ұл, қызын асыраған, Еңбек еткен біз үшін жасымаған. Жалғыз әкем жан әкем асыл адам, Мына маған әкешім ғасыр адам. Әжім түскен маңдайға біздер үшін, Бой қуатын сарқыған біз деп күшін. Әкешім мен анашым дем берем деп, Өлең жаздым жүркпен сіздер үшін. Кетсең жырақ ұзаққа алаңдаған, Бой қуатын баладан аянбаған. Әке, ана өмірдің бар байлығы, Одан бөлек байлықты таба ма адам?! Ата-анаға бақыт қой туылғаның, Бір Алланың сыйындай бұйырғаның. Ата-ана ғой ұл-қызы аш отырса, Үзіп берер аузынан түйір нанын. Ана емес пе бесікті тербеген де, Сәби кезде асыңды демдеген де. Торғай үні шыралдап қорғап сені, Басын тіккен қатерге сен дегенде. Еңбектеніп сен үшін терлеген де, Шын көңілі балаға кең көлемде. Әке емес пе жоқшылық көрмесін деп, Қаны кеуіп ыстықта шөлдеген де. Өтелмейді парызым сізге мүлде, Өлшенбейді қарызым өзге күнде. Қолды жайып сұраймын бір Алладан. Жарқын бейне кетпесін жүздеріңде!